Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.50): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
2026 жылғы 16 сәуірде Қостанай қаласының Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) базасында Бірыңғай байланыс орталығы мен «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ әдіскерлерінің қатысуымен «ЭҮП.
2026 жылғы 16 сәуірде Қостанай қаласының Бірыңғай байланыс орталығы
(ББО) базасында Бірыңғай байланыс орталығы мен «Қостанай қаласының білім
бөлімі» ММ әдіскерлерінің қатысуымен «ЭҮП және Мемлекеттік корпорация
арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру»
тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Бірінші мәселе бойынша әдіскер М. А. Кравец халық арасында аса сұранысқа
ие жекелеген мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстарын
жүргізді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету және
10 жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы шешім беру мәселелері
қаралды.
Сондай-ақ семинар қатысушылары жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру (патронат,
қорғаншылық/қамқоршылық, асырап алушы отбасы, бала асырап алу, кәсіби
отбасы) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен танысты.
Екінші мәселе бойынша әдіскер А. Н. Абдуахитова тыңдаушыларды білім беру
саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібімен таныстырды. Атап
айтқанда, «Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру», сондай-ақ балаларды мектепке қабылдау және ауыстыру
үшін өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша тиімді өзара іс-қимылды арттыру жөнінде
ұсынымдар берілді.
Орынд.: М. Кравец
Семинар қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорация мен Қостанай
қаласының білім бөлімі ММ арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін
арттыруға бағытталған ұсынымдар берілді.



