Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.137): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Іс-шараның мақсаты — ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, тәжірибе алмасу және алмастырушы отбасыларды сүйемелдеудің өзекті мәселелерін талқылау.
Семинарға қала мектептерінен 38 әлеуметтік педагог қатысты.
Семинар тақырыбы:
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке істерін жүргізу және Республикалық деректер банкіне мәліметтер ұсыну бойынша әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру».
Семинар аясында білім бөлімінің мамандары баяндама жасады:
А. Абдулова — «РДБ құжаттарды ұсыну тәртібі» ;
М. Кравец — «Қамқоршылықтағы балалардың жеке істеріне жүргізілген мониторингті талдау».
Сонымен қатар, №1 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары К. Бертазина «№1 мектеп-лицейінің жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленіп отырған отбасылармен жұмыс жүйесі. РДБ мәліметтер ұсынуды жүйелеу» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері сараланып, әлеуметтік педагогтерге алдағы қызметінде қолдануға арналған практикалық ұсынымдар берілді.