3 желтоқсан 2025 жылы №30 жалпы білім беретін мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің Қалалық әдістемелік калейдоскопы өтті. Іс-шара тақырыбы: «Кіші мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығын дамытуда сандық технологияларды қолдану мүмкіндіктері».
Бағдарлама аясында қала мұғалімдері сандық құралдарды білім беру
процесіне ендірудің тиімді тәжірибелерін таныстырды:
* Математикалық түсініктерді қалыптастыру үшін Wordwall платформасында интерактивті әдістер.
* Оқушылармен бірлескен интерактивті контент жасау технологиялары.
* Жаратылыстану сабақтарында зерттеушілік дағдыларды дамыту үшін сандық симуляторларды пайдалану.
* Көркем мәтінді талдау үшін интеллектуалдық құралдарды (AI) қолдану.
* Сабақтарды музыкалық қамтамасыз ету үшін сандық ресурстарды пайдалану әдістері.
Қорытынды рефлексивті сессияны №30 ОМ ғылыми-әдістемелік жұмыс
жөніндегі директордың орынбасары М.А. Лукьянчук модеразциялады.



