Кіру
AA+
AA+

№28 мектеп - гимназиясында Қостанай қаласы мектептерінің 5 - 6 және 7 - 8 сынып оқушылары арасында шахматтан қалалық мектеп Лигасы өтті.

Жарысқа Қостанай қаласының 16 мектебінен 100 - тен астам оқушы қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында шахматты насихаттау, облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты командаларды анықтау болып табылады.

5 - 6 сынып оқушылары арасында шахматтан қалалық жарыстың қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

I орын - ФМЛ

II орын - №7 ЖББМ

III орын - МГГ.

7 - 8 сынып оқушылары арасында келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

I орын - № 23 ЖББМ

II орын - ФМЛ

III орын - №1 МЛ.

Жеңімпаз командалар 2026 жылда облыстық мектеп Лигасында Қостанай қаласының намысын қорғайды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!