9-11 сынып жасөспірімдері арасындағы
қалалық мектеп футзал Лигасы
Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында 9-11 сынып жасөспірімдері арасында футзалдан қалалық жарыстар өтті. Қалалық мектеп футзал Лигасына жалпы 31 команда, яғни 400 оқушы қатысты.
Қалалық жарыстардың қорытындысы бойынша:
1-орынды А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің жасөспірімдер командасы иеленді.
2-орынды М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектептің командасы алды.
3-орынды А.М. Горький атындағы гимназияның жасөспірімдер командасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!



