Кіру
AA+
AA+

2025 жылғы 12 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Ақпараттық және денсаулық сақтаушы технологияларды қолдану арқылы оқушылардың инновациялық әлеуетін дамыту және рефлексивтік мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау» тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.

Ғылыми - әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Ж.К. Шошақова мектеп бойынша виртуалды экскурсия жүргізді. Семинар тақырыбы бойынша TEDx форматында №7 ЖББМ әдістемелік бірлестігінің жетекшісі З.Р. Боранбекова баяндама жасады. «Қазақтың ұлттық ойындары. Бес асық» бөлімі бойынша стандарттан тыс жабдықтарды қолдану тәжірибесімен №7 ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Н. Тихонов бөлісті.

Волейбол және баскетбол бойынша мазмұнды интерактивті дәріс - практикумдарды дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.А. Кирьянов пен С.Н. Краснов өткізді.

«Волейболда қимыл - қозғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар техникасын жетілдіру» тақырыбындағы сабақ фрагменттерінен құралған калейдоскопты М.М. Шеремет ұсынды.

Сондай - ақ, мектептің педагог - психологы М.Қ. Қадыржан «Дене шынықтыру пәні мұғалімі: энергия мен мотивация көзі» тақырыбында рефлексия өткізді.