«Картамен квестке дейін: тарих пен география сабағын ойынға айналдыру жолдары» практикалық-ойын түріндегі семинар
2025 жылғы 12 қарашада "Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ базасында тарих және география пәні жас мамандарына арналған ерекше форматтағы - квест-ойын түріндегі семинар өтті!
Қатысушылар «Тайпа», «Қамал», «Комикс» және «Глобус» атты топтарға бөлініп, өздерінің білімін, креативтілігін және цифрлық батылдығын сынаған түрлі бекеттерден өтті:
«Білім қамалы» - геймификация элементтері бар викторина;
«Тайпа» - әлеуметтік-рөлдік ойын және қоғам моделін құрастыру;
«Комикс» - оқу материалын визуализациялау арқылы шығармашылық жоба әзірлеу;
«Глобус-практикум» - сабақтарға арналған цифрлық шағын қосымшалар дайындау.
Іс-шара достық және шабыттандыратын атмосферада өтіп, тәжірибе мен идея алмасудың тиімді алаңына айналды.
Мұғалімдер мұндай форматтар кәсіби ынтаны арттырып, заманауи сабақтарды өткізудің тың мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.



