2025 жылғы 10 желтоқсан күні Г.Қайырбеков атындағы №9 мектеп базасында қазақ тілінде оқытатын мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті бойынша тапсырмалар әзірлеуде нейрожелілерді пайдалану» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Іс - шараның мақсаты - көптілді білім беру ортасы жағдайында жұмыс істейтін педагогтарды жасанды интеллект негізіндегі практикалық құралдармен қамтамасыз ету, сондай - ақ бейімделген, креативті және тиімді оқу материалдарын әзірлеуге мүмкіндік беру.
Бағдарлама мазмұны мазмұнды болды және педагогтарға психологиялық қолдау көрсету элементтерімен қатар цифрлық білім беру платформаларына тереңірек үңілуді қамтыды.



