05 желтоқсанда М. Горький атындағы гимназия базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық шеберхана: орыс тілі мен әдебиетін оқыту үдерісінде авторлық тәсілдер мен әдістер» атты облыстық семинар өтті.
Шеберхананың мақсаты - заманауи білім беру технологияларына сәйкес орыс тілі мен әдебиетін оқытудың тиімділігі мен креативтілігін арттыруға ықпал ететін инновациялық әдіс - тәсілдерді көрсету және меңгеру.
Іс - шара аясында орыс филологиясы пәнінің педагогтері практикалық жұмыспен ұштастырылған авторлық әдістемелермен және инновациялық технологиялармен (ЖИ, STEAM, театр элементтері, іскерлік ойын, шеберлік сыныбы және бірқатар ашық сабақтар) танысты. Бұл орыс тілі мен әдебиетін оқытудың қызығушылығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.



