Кіру
AA+
AA+

2023 жылдың 07 сәуірінде №8 ЖББМ базасында «Сабақтың дебюті» орыс тілі мен әдебиеті жас мұғалімдерінің қалалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты-талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.

                       Байқауға қала мектептерінен орыс тілі мен әдебиетінің 10 педагогы қатысты (№3 МГ, №4 ЖББМ, №7 ЖББМ,№8 ЖББМ, №15 ЖББМ, №17 ЖББМ,  №22 ЖББМ, №23ЖББМ ).

         Байқау барысында қатысушылар бейнесабақтар көрсетті, өздері таңдаған тақырыптар бойынша эссе жазды және нақты шешімдерді қажет ететін педагогикалық жағдайларды талдады.

               Байқауға қатысушылар барлық сынақтардан лайықты өтті, тапсырмаларды орындады.