Кіру
AA+
AA+

2023 жылғы 18-19 мамырда №28 мектеп-гимназиясында Қостанай қаласы мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында шахматтан қалалық Мектеп лигасы өтті.

Жарысқа Қостанай қаласының 14 мектебінен 100-ден астам оқушы қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында шахматты насихаттау, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу үшін мықты командаларды анықтау болып табылады.

Шахматтан қалалық жарыстың қорытындысы бойынша 1-2 сыныптар арасында келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

       I орын - №3 МГ

       II орын - №2 МЛ

      III орын - №24 МГ.

3-4 сыныптар арасында жүлделі орындарды командалар иеленді:

      I орын - №24 МГ

      II орын - №23 ЖББМ

      III орын - №7 ЖББМ. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!