«Тарих. Интеллект. Инновация - 2025» облыстық байқауының финалы.
Байқау бірнеше кезеңде өтіп, қашықтан және офлайн форматтарды біріктірді:
Сырттай кезең (қашықтан): қатысушылар жасанды интеллектті қолдана отырып әзірленген сабақтардың әдістемелік әзірлемелерін, сыныптан тыс іс - шаралардың сценарийлерін және цифрлық жобаларды ұсынды.
Бетпе - бет кезең (финал): 19.12.2025 ж. үздік педагогтер «Тарихи батл» форматында өз шеберліктерін көрсетіп, жаңа буын шеберлік сабақтарын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша Қостанай қаласының тарих пәні мұғалімдері жоғары нәтижелер көрсетті: 1 - орын - Милушкин Александр Иванович (ФМЛ); 2 - орын - Вяжевич Анна Викторовна (№14 НОМ); 3 - орын - Биркемелова Энуза Бейсенбаевна (№17 ОМ).
Әріптестерімізді кәсіби жеңістерімен құттықтаймыз!



