Кіру
AA+
AA+

2025 жылғы 17 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында география және тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының «Тарих пен географияны оқытуда VR және AR технологияларын пайдалану: виртуалды экспедиция» тақырыбында отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі баяндамалар ұсынылды:

Токусарова Д.М., география пәнінің мұғалімі - «Географияны креативті оқыту құралы ретінде толықтырылған шынайылық (AR) технологиясын қолдану»;

Мендекинова Ж.Ж., тарих пәнінің мұғалімі - «Қазақстан тарихын оқытудағы виртуалды карталар: өткеннен цифрлық болашаққа»;

Саяжанова Г.Б., география пәнінің мұғалімі - «Географияны оқытуда VR - технологияларды қолдану: көрнекілік пен толық ену әсері».

Аталған отырыс тарих және география пәндерін оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың тиімді мүмкіндіктерін айқындап, педагогикалық қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.