2025 жылғы 23 желтоқсанда №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы еңбек сабақтарын геймификациялау» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған шығармашылық зертхана өткізілді.
Шығармашылық зертхана аясында шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, онда педагогтер жасанды интеллектіні қолданудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар жасанды интеллектті көркем еңбек сабақтарына енгізу шығармашылық саласындағы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті. Заманауи технологиялар идеяларды генерациялауға ықпал етіп, білім алушылардың уәждемесін арттырады және олардың креативті ойлау қабілетін дамытады.



