Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.50): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 13 мамырда «Қостанай қаласының білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында семинар өтті.

Семинар тақырыбы: «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы анықтау». Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына сәйкес РДҚ-да сауалнамаларды толтыру үшін құжаттарды ұсыну. 3.05.2022 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу.

Отырысқа қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары шақырылды.

Семинарға қатысушылар заңды өкілдерсіз тұратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы анықтау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, педагогтар 3.05.2022 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  ҚР Кодексіне енгізілген өзгерістермен танысты.